«Кітап білім –күншуағы


Сырдария аудандық орталық кітапхана «Интеллект» жастар клубы мүшелерінің қатысуымен бар білімді беретін сабырлы ұстазымыз кітапты насихаттау мақсатында «Кітап білім –күншуағы» атты викториналық ойын сайысын өткізді. Сайысқа қатысқан өрендер алтын ұя мектептерінде жалпы пәндер бойынша алған білімдері мен қоса өз бетімен көп еңбектенетіндерін де көрсете білді. Шара соңында кітапхана қызметкері Д.Пазылбекова жастарды «Жас толқын» сериялық басылымдарымен кеңінен таныстырып, алдағы уақытта кітапханадан алып оқуға шақырды.