«Пейілі кең, жүрегі дархан жандар» атты кездесу кеші өткізілді


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері жыл көлемінде қазіргі таңда түрлі себептермен үйлерінде отырып қалған мүмкіндігі шектеулі жандармен сұхбаттасып, өздерінің кітап қорындағы әдебиеттері мен СД – дискілерін тыңдауға апарып береді. Олардың қатарында зағип жандар Тәженов Сәрсен, Сейітжанов Жалғас және 1 топ мүгедегі Байдосов Айтуған және де т.б. топ мүгедектері бар.
Алдағы уақытта руханияттан қол үзбеген көкірегі ояу, көңілдері сергек бұл жандармен «Пейілі кең, жүрегі дархан жандар» атты кездесу кеші өткізіліп, оқыған кітаптары жайлы әңгіме қозғалады. Бұл жастарымыз үшін үлгі тұтарлық жағдай деп ойлаймыз.