“Жастар және ұлттық ой – сана” атты брифинг өтті.


Сырдария аудандық орталық кітапханада Жастар жылына орай “Жастар және ұлттық ой – сана” атты брифинг өтті. Брифингке қатысқан жастар “Қазақи қалыптағы заманауи тұлға”, “Жастар және интернет”, “Кітап сабырлы ұстаз” атты тақырыптар бойынша өз ойларын еркін ортаға салып пікір – талас алаңын қыздыра түсті. Мәдени шараны қорытындылаған ауданымыздың ардагері Хайрулла Әбенов ұлттық сана тарихының даму көшінде ұлы бабалар өнегесі, ұлы тұлғалар тағылымы, ұлттық тәлім – тәрбие арқылы үздіксіз беріліп отыратынын жеткізді. Сондықтан жастарды салт – дәстүрімізді, қазақи қалпымызды ұмытпауға шақырды.