“Абырой шыңы – еңбек” атты еңбек озаттарымен жүздесу кеші болды


Ақжарма ауылдық модельді кітапханысының ұйымдастыруымен 25 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында “Абырой шыңы – еңбек” атты еңбек озаттарымен жүздесу кеші болды . Мақсаты: Адал еңбкке баулу, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге, еңбек сүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылық тәрбиелеу. Жүздесу кеші “Ақжарма и К” шаруа қожалығында болып өтті. Кешіміздің қонағы күрішші Есбатырұлы Дәурен мен «Ақжарма и К» жшс – тің өндіріс бригадасының бригадирі Жақсыбай Қожалақов пен клуб мүшелері қатысты. Шара барысында қонақтарға сұрақтар қойып, олардан өз деңгейінде жауап алдық. Ақын М. Көкеновтың «Ардақтысың әр қашан» С. Ембергеновтың «Дала әні» атты жыр жолдарын Босатқанова Майра оқыды. Шара соңында кітапханашы «Әлемнің әміршісі еңбек» атты кітап көрмесімен таныстырып, сонымен қатар кеш қонақтарына кітапхананың атынан сыйлық табыстап еңбектеріне табыс тілеп үлкен кісіден бата алды.
Қырман дәнге толсын!!!