«Тастандының тағдыры»атты романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті.


Сырдария аудандық орталық кітапханада жазушы, тарихшы, публицист Дәлелбек Батырдың «Тастандының тағдыры»атты романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға №131 мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.Бұл кітапта қазіргі заманның өзекті мәселесі – тастанды бала проблемасы жайлы сөз қозғалады.. Кітаптың басты кейіпкері Гүлназира әкесінің қысымымен өз сәбиін тастанды етуге мәжбүр болады. Бақытсыз жағдайға тап болған студент қыздың өкініші бүкіл роман желісін құрайды. Сәбисіз ерлі-зайыптылар Төрегелді мен Гүлістанның тастанды баланы асырап алудағы әрекеттері де шығармада әсерлі көрініс береді. Яғни кішкентай нәрестенің шет ел асып кетпей,елде қалуының өзі көңілге жұбаныш ұялатады.Ал мәдени шараның мақсаты қаракөз қыздарымызды жамандықтан қорғау, жас ұландарымызды қыз баланы сыйлауға,оларға қорғаныш болып жүруге тәрбиелеу.