«Қарттар тарих- ел қазынасы» атты кездесу кеші


Сырдария аудандық орталық кітапхана 1-қазан Қарттар күніне орай өз саласының ардагерлерін «Қарттар тарих- ел қазынасы» атты кездесу кешіне шақырып, құрмет көрсетті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Мәдени шарада еңбектерінің зейнетін көре отырып, ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалықпаған жандар асыл қарттық, адамгершілік жөнінде келелі әңгіме қозғап, бүгінгі бас қосуға өз ризашылықтарын білдірді. Мекеме басшысы Г.Нұржакиева ардагерлерге отбастарына берекелі бірлік, дендеріне саулық тілеп, сый-сияпат жасады.