«Ұстаз-ұлы тұлға»


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазан айының алғашқы жексенбісі ұстаздар күніні орай ұстаздарды дәріптеу мақсатында «Ұстаз-ұлы тұлға» атты мәдени шараны ұйымдастырып өткізіп, барлығы 11 адам қатысты.
Мәдени шараны кітапханашы Асанова Гулмира жүргізіп, кіріспе сөзбен ашты.
Содан сон сөз кезегі кеш қонағы №210 О.Абдулпатаев атындағы мектептін бастауыш сынып мұғалімі Таюпова Саулеге берілді.
Шара барысында №210 О.Абдулпатаев атындағы мектептін 4 сынып оқушылары үш тілде ұстаздарға арналған өлеңдерін жатқа айтып өз білімділіктерін көрсетті.Айтып өтсек Сүлейменова Әйгерім, Арқашбай Таңшолпан, Мырзабай Мадияр, Раушанбекова Нұржайна, Бақытқызы Алтынай. Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырманы №35 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Саматов Дидар Ғабиден Қожахметтін «Білім күні құтты болсын Мұғалім» атты өленің айтса, №36 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы, Әуез мектебінің шәкірті Сейіткәрім Рамазан Дәулеткерей күйі «Короглу» орындап шараны қыздыра түсті.
Шара сонында «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты кітап көрмесі таныстырылып библиографиялық шолу жасалды.