“Бабамыздың үнісің сен, домбыра” атты кітап көрмесі


Сырдария аудандық орталық кітапхана ауданымызда өткен Рухани жаңғыру аясындағы “Домбыра – Дастан” атты мәдени шараға “Бабамыздың үнісің сен, домбыра” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілік қауым назарына ұсынды. Кітап көрмесінде сахара сазгерлері Тәттімбет, Құрманғазы, Дәулеткерей, Біржан сал, Ықылас, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Қазанғап және Дина Нұрпейісова сынды тұлғалармен қоса басқа да тарлан таланттардың еңбектері қойылды. Осы орайда ауданымыздан шыққан биік өнер иелері Құрақтың Досжаны мен Исламбек Ысқақовтың да еңбектері назардан тыс қалған жоқ.