“Бала тілін тапқан ақын аға” атты балалар ертеңгілігі болып өтті.


№1 филиал кітапханасында балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың шығармаларын насихаттау мақсатында “Бала тілін тапқан ақын аға” атты балалар ертеңгілігі болып өтті. Кешке №36 мектептің 4 сынып оқушылары мен сынып ұстаздары және аудан ардагерлері қатысты.Кеште ақынның өмірдерегі мен шығармашылығы таныстырылып, оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Кеш соңында балалардың есте сақтау қабілетін арттыру бағытында “Кім тапқыр” ойыны ойнатылып ақын Ермек Өтетілеуовтың өмірдерегі мен шығармашылығынан сөзжұмбақ жасырылып, оған оқушылар атсалыса сөзжұмбақты шешті.