«Пейілі кең, жүрегі дархан асыл жандар» атты мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу кеші


Қазан айының 11 жұлдызында Сырдария аудандық орталық кітапхана «Пейілі кең, жүрегі дархан асыл жандар» атты мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу кешін өткізді. «Жаңашырлыққа – жан риза» дегендей, адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік беру.Осы орайда мәдени шараның құрметті қонақтары, аға буын өкілдері С.Тәженов, Ж. Сейітжанов ағайлар жастарда өмірде кездесетін келеңсіздіктерге қарсы тұратын ерік-жігердің болуы қажет екенін, сонда ғана барлық қиындықтар артта қалатынын түсіндіріп өтті . Ал өмір тезіне бой алдырмай, тек қана алға ұмтылған көзі ашық, көкірегі ояу жандар Мусағұлов Жандос пен Карибаев Сәулебектің айтқан сөздері жастар үшін үлкен сабақ болды. Сонымен қатар агроколледж ұстазы А.Қожақова өз шәкірттері Ж.Бердіқожаева мен Ж.Маратованың қолынан шыққан еңбектерін зор мақтанышпен таныстырып,үлгі тұта сөйледі.
Мәдени шарада кітапхананың тұрақты оқырманы өнерлі жас өрен Т.Құрманғазин «Әке» және «Қазақстан» әнін шалқыта орындаса, кітапханашы Л.Серікбаева «Сыр елі» мен «Көзімнің қарасы» әнін кеш қонақтарының құрметіне орындап, ыстық ықыласқа бөленді.