«Қалам ұшындағы аманат» атты мәдени шара


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын -демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаевтың туылғанына 125 жыл толуына орай және дауыстап оқу жобасы аясында ақынның шығармаларын насихаттау мақсатында «Қалам ұшындағы аманат» атты мәдени шара кітапхананың тұрақты оқырмандары арасында өткізілді.
Оқу залында «Қазақ өленінің бозторғайы» атты кітап көрмесі әзірленеді.

Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармаларынан мәлімет бере отырып, оқушылардың білімдерін жүйелеу, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.

Мәдени шараны кітапханашы Аснова Гулмира жүргізіп, Қазақ әдебиетінің алтын қазынасына елеулі үлес қосқан, өзінің аз өмірінде халқына арнап аса бағалы мұра қалдырған, шығармаларында өз дәуірінің қоғамдық шындығын кең жырлаған ірі суреткер, демократ-ақын Сәбит Дөнентаевтың туғанына биыл 125 жыл толып отыр. Сәбит Дөнентаев қазақ әдебиетінің даму тарихында аса бағалы әдеби мұра қалдырған ақын деп кіріспе сөзбен ашты. Содан сон ақынның өмірбаянымен таныстырып өтті.

Шара барысында еліміздің өскелең ұрпағы ақынға арналған арнаулар мен ақынның өз қаламынан шыққан шығармаларын оқыды. Айтып өтсек С. Машақовтын «Көз жұмып ақын жатыр алдымызда» атты арнауын Бакишев Бейбарыс, сонымен қатар ақынның өз қаламынан шыққан «Замандастар» Пазылбекқызы Ұлжан, «Заман кімдікі ?» Кенжебекова Әсем, «У жеген қасқырға» Ахметов Мейіржан, «Тотыға» Аният Али, « Бозторғай» атты шығармаларын Астраханова Жәния жатқа оқыды.
Шара сонында «Қазақ өленінің бозторғайы» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.