Әбді-Жәмил Нұрпейісов 95 жасқа толуына орай «Қан мен тер» трилогиясына конференция өтті.


Бүгін Сырдария аудандық орталық кітапханада Заманымыздың заңғар суреткері, Қазақстан¬ның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сый-лығының иегері Әбді-Жәмил Нұрпейісов 95 жасқа толуына орай «Қан мен тер» трилогиясына конференция өтті. Қазақ сөз өнерінің елшісіне айналған роман жанрдағы ірі туынды Әбдіжәмил Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы. 30 жылдан астам уақыт бойы қазақ оқырманының көзайымына айналып, көптеген шетел тілдеріне аударылған. Шараға №131 мектептің жоғары сынып оқушылары, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары зейнеткер Сүюбаева Сәнімкүл мен Мырзаш Бақтияр, Жастар ресурс орталығының жастары мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында трилогияның мазмұнын ашып оқырмандарға кеңінен түсіндірген кітапханашы Сейтен Сайраның сөзінен кейін, трилогиядағы Еламан, Ақбала, Тәңірберген, Кәлен, Мөңке Рай сияқты кейіпкерлердің іс – әркеттері оқырман көзімен жіктеліп, мәдени шараны қыздыра түсті. Мәдени шарадан кейін көптеген оқырмандар жазушының кітабын жаздырып алды.