“Еңбекпен өмірін өрнегендер”


Сырдария аудандық орталық кітапханада “Еңбекпен өмірін өрнегендер” атты ауылшаруашылық саласының маңдай тер еңбектерімен ел қамбасына алтын астық құйып жүрген майталман ардагерлері және жастарымен кездесу кеші өткізілді. Шараға ауылшаруашылық бөлімінің әдіскері Сәрсенов Бақытжан, ардагерлері:Бәйімбетов Аманжол, Алшеров Қалмахан және озат күрішшілер Сағымбаев Ғалым, Өскінбаев Сәбиттер қатысты. Келген қонақтардың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жастар бойына сіңіріп, олардың еңбек жолдарын үлгі алды.