Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күні


Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күні айрықша болып өтті. Мерекеге жиналған қауым ең алдымен Қоғалыкөл ауылының тумасы, жергілікті ақын Байрон Есенбаевпен кездесу кешінде болып, келесі кезекте кітапхана қызметкерлерінің әзірлеген “Рухани жаңғыру көкжиегіндегі -Сырдария” атты әдеби – сазды кешті тамашалады.Мәдени шара соңында облыстық кітапхана директоры Н.Мырзамұратова өткізілген шараға жоғары баға беріп, ұжымға кәсіби біліктілік танытқаны үшін алғыс хатын табыстады.