СЫРДАРИЯ АУДАНЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана – білімнің күн шуағы» атты Сырдария ауданы кітапханаларының күні болып өтті. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби тәжірибе алмасу, аймақтық кітапханалардың инновациялық шығармашылығы мен кітапхана қызметінің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық, қалалық және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлстан Нұржакиева «Сырдария – тарихы тереңде жатқан өңір» атты кітап көрмесімен таныстырып, аудан тарихы, әдебиеті мен мәдениеті туралы шолу жасады.
Тағылымды шарада жергілікті ақын Байрон Есенбаевпен кездесу кеші өтті. Аудан кітапханашылары ақынның туындыларын оқып, оның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Шарада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова құттықтау сөз сөйледі. Ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ауылын жырлаған ақын» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Аудан кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру көкжиегіндегі- Сырдария» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар аудан кітапханаларының өткені мен бүгінгі жетістіктері бойынша дайындалған бейнероликті тамашалады.