Б.Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай “Қазақ әдебиетіндегі дара тұлға” атты әдеби – портрет кеші өтті.


Сырдария аудандық орталық кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы Б.Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай “Қазақ әдебиетіндегі дара тұлға” атты әдеби – портрет кеші өтті. Мәдени шарада көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер жөнінде кеңінен айтылды. Шара барысында кітапхана қызметкерлері Д.Пазылбекова Қ.Әмірғазиннің Б.Майлинге “Арнау” өлеңін оқып, С.Сейтен және Г.Әбенова “Ыбыраймысыз, Ыбыраймыз” қойылымын сахналады.Кітапхананың тұрақты оқырмандары Е.Өскінбаева жазушының “Құбақан” өлеңін, Б.Алмасұлы “Кедейлер” өлеңін жатқа оқыды. Шара соңында кітапханашы М.Әлиева “Терең тамырлы тұлға” атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.