«Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі-2019»


Үстіміздегі жылдың қараша айының 7 жұлдызында «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты кітапхана мамандарының арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басты бағдарда ұстай отырып, «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері географиясы», «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тұлғалары» бағдарламалары аясында «Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі-2019» шебер-класс кәсіби байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылыққа ынталандыру, кітапханашы-библиограф мамандығының мәртебесін көтеру, кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету, кітапхана мен оның қызметкерлері, яғни кітапханашылардың иммиджін нығайту болды.
Байқауда жоғарыда аталып өткендей, Сыр өңірінің бай тарихын, осы жерде кіндік қаны тамып, туған жерге елеулі еңбектері сіңген тарихи тұлғаларды және «Сыр елі –жыр елі» деген сөзді айғақтайтын әдебиет алыптарының өнегелі өмір жолдарын қамтыған әр түрлі тақырыптарда әдістемелік-мультимедиялық библиографиялық құралдар шығарылып ұсынылды. Атап айтсақ, «Мәңгілік сарын-Қорқыт Ата мұрасы», «Қожықовтар әулеті-ел мақтанышы», «Батыр (Нағи Ілиясов) ауылының дара тұлғалары», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа», «Жалындап өткен жас ғұмыр» бейбіт күннің батыры, II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция лейтенанты, жерлесіміз Талғат Қозыбаевтың өнегелі өмірі мен ерлік жолы жайлы, «Туған елін жырыменен көмкерген» Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын, сыншы, аудармашы, драматург, жерлесіміз Сейфолла Оспановтың шығармашылығы туралы, «Қазақтың белді қаламгері» жазушы, аудармашы, публицист, жерлесіміз Әбілмәжін Жұмабаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, «Ұлттық мақтанышымыз ғұлама ғалым» мемлекет қайраткері, геолог, академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 120 жылдығына орай, «Алаштың айбыны-асқар арыстары» Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сынды өнегелі өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында аталған библиографиялық құралдар алдағы уақытта кітапхананы пайдаланушы оқырмандар үшін өз көмегін тигізеді деп ойлаймыз.
Байқау барысында библиограф Майра Балмаганбетова «Қазіргі кезде кітапханаларда өлкетану жұмыстарын одан әрі жетілдіру және насихаттау жұмысына үлкен назар аударуда. Сондықтан да кітапханада өлке тақырыбына байланысты өлке құжаттары сандық жүйеге кіргізіліп, библиографиялық құралдар, ұсыныстық көрсеткіштер жасалып, оқырмандар пайдалануына ұсынып, жұмыстың инновациялық жаңаша түрлері мен әдістерін қолдана отырып, мәдени шараларын ұйымдастырып өткізу алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасауымыз керек» -деді
Байқау қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасы әр жұмысқа жеке-жеке тоқталып, сараптама жүргізу арқылы кәсіби шеберлікпен жасалған бірнеше библиографиялық құралдарға жоғары баға беріп, төмендегідей номинациялар белгіленді. Олар: «Тарихи тұлғаларды танытқан библиографиялық құрал» Жұматаева Нұргүл, «Жоғары кәсіби шеберлікпен жасалған библиографиялық құрал» Қаражанова Гүлнар, «Үздік жаңашылдық бағыттағы библиографиялық құрал» Сейтпанова Кенже, «Өлкелік үздік биобиблиографиялық ұсыныстық қөрсеткіші» Найзатаева, «Мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал» Пірназар Кенже ие болды.