«Рухани жаңғыру – ел дамуының басты қағидасы» атты тақырыптық кеш


ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә: Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ақжарма ауылдық модельді кітапхананың оқу залында 6 қараша күні «Рухани жаңғыру – ел дамуының басты қағидасы» атты тақырыптық кеш болып, барлығы 25 адам қатысты.
Мақсаты: Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыру.
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Шарада Сырдария аудандық балалар бөлімінің меңгерушісі Оразымбетова Жанар апай « Туған жер» жобасының төрт бағдарламадан тұратынын айтып өтіп, осы тақырыпқа байланысты шаралар өткенін айтты. Одан әрі Ақжарма ауылдық округінің Жастар жөніндегі әдіскері Жанұзаққызы Ақілгек «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп өз ойын ортаға салды. №130 Абай орта мектебінің оқушылары Аманжолқызы Инабат «Қазақстан – атамекен , құт қонған жер», Құрмантай Аиана «Рухани жаңғыру», Серікбаев Хафиз «Туған жер», Рысбекұлы Дамир « Қазақстаным!» тақпақтарын айтса Клуб меңгерушісі Темірханов Айтмағанбет «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»деп қорытынды жасады.
Шара соңында кітапханашы «Рухани жаңғыру – басты бағдарымыз» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.