«Ғибратты ғұмыр жаршысы» атты таным сағаты


Қазақстанның халық жазушысы,Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың – 95 жасқа толуына орай жазушының өмір мен өнердің, тіршілік пен қиялдың біте қайнасып бүгінгі уақыттың көкейтесті мәселесіне айналып отырған Арал проблемасын нақты кейіпкерлер дүниесі арқылы суреттеген керемет туындыларын жастарға таныстыру, сол арқылы жастар бойында көркем әдебиетке деген қызығушылығын және патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында «Ғибратты ғұмыр жаршысы» атты таным сағаты № 132 Т. Айтбаев атындағы мектептің 7,8 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары арасында 6 қараша күні сағат 17:00 де өтті. Шара барысында кітапханашы слайд презентация арқылы жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы таныстырып өтті .Мәдениет үйінің әдіскері Құрақбай Жадыра «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» ат¬ты үш кітаптан тұратын «Қан мен тер» романын оқығанда кейіпкерлердің Тәңірберген мырзаның, Ақбаланың, Еламан мен Сүйеу қарттың іс-әрекетіне қаныққан кезде, жүрегің шымырлап, кейіпкерлердің әрқайсысы тірі адамдай әсер қалдыратының айтып өтті.Шара соңынан кітапханашы «Қазақ әдебиетінің қарымды қаламгері» атты кітап көрмесіндегі жазушының – қазақ әдебиетін өркендетуге, халқымыздың рухани қазынасын байытуға қосқан баға жетпес құнды кітаптарын таныстырып өтті. Нәтижесінде оқырман Жораева Нұрсезім жазушының Күткен күн шығармасын жаздырып алды