7 қараша күні “Терроризм – бейбіт өмірге төнген қауіп” атты мәдени шара өтті.


Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе – терроризм. Қазіргі уақытта, терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр. Осыған байланысты Сырдария аудандық кітапханасында 7 қараша күні “Терроризм – бейбіт өмірге төнген қауіп” атты мәдени шара өтті. Шараға Сырдария аудандық әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Кеукенов Сейілхан, дін мәселелерін зерттеу туралы коммуналды мемлекеттік мекемесінің Сырдария ауданы бойынша маманы Нұрзылда Асхат, аудандық колледж студенттері, ұстаздары және кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында ауданымызда діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған іс – шаралардың мақсатын тілге тиек етіп, дәстүрлі діннің құндылықтары және теріс діни ағымдардан айырмашылықтары туралы маңызды ақпараттар жеткізілді.