«Жан-жануарлардың ғажайып әлемі» атты танымдық ойын


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың фойесінде О.Абдулпаттаев атындағы №210 мектептің ұстазы Сарсембаева Айткүл апайдың 1б сыныбы, және ата-аналардың қатысуымен «Жан-жануарлардың ғажайып әлемі» атты танымдық ойын өткізіліп, барлығы 28 адам қатысты.
Мәдени шараның мақсаты: Балалардың Жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Үй және жабайы жануарларының ажырата білуге. Жануарлардың табиғаттағы ролі мен маңызы туралы және неліктен үй жануарлары және жабайы жануарлар деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Тілдік, сөздік қорын байыту.
Мәдени шараны кітапханашы Ж.Оразымбетова жүргізіп Жан-жануарлар туралы кіріспе сөзден кейін, олардың өмірінен 10 таңғажайып деректермен таныстырып өтті.
Шара барысындағы оқушыларды айтып өтсек Тасболат Айзере, Әлібек Кәусәр, Мүбәракова Айару, Айдарбек Ілияс, Жарылқасын Ерасыл, Есенгелдиев Нұржігіт, Бақтыбай Мирас, Тұрсынбек Мансур, Нұрлыбекұлы Әділет, Мейрамбекқызы Айша, Русланқызы Аруназ, Дүйсенбай Әли, Нияз Нұрасыл, Қалам Нұртілек, Ұзақбай Кәусар. «Жалқау қоян» атты қазақ ертегісінен қойылым қойып, және «Ертегілер, ертегілер» әніне биледі. Сондай-ақ қазақ ақындарының жануарлар туралы тақпақтарын айтты. Содан соң сөз кезегін О.Абдулпаттаев атындағы №210 мектептің 1б сынып ұстазы Сарсембаева Айткүл апай сөз сойлеп ата-аналарға, кітапхана қызметкерлеріне рахметін айтты.
Шара сонында «Жануарлар әлемі-табиғаттың бөлінбес, құрамдас бөлігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.