«Дамудың даңғыл жолындағы – Қазақстан» атты тақырыптық кеш өтті.


Сырдария аудандық орталық кітапханада ҚР.Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы аясында «Дамудың даңғыл жолындағы – Қазақстан» атты тақырыптық кеш өтті.Шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Нұрсейітов, ардагер ұстаз М.Елеусінов, Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев, Сырдария аудандық музейдің ғылыми қызметкері Ә.Шөжиев және Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының маман қызметкері Д.Алашбаевалар қатысып, жолдауда айтылған негізгі бес бағыт бойынша ой өрбітіп, билік пен халықтың байланысына жаңа леп әкелген жолдау жайлы жақсы пікір білдірді.Шараны қорытындылаған кітапханашы С.Сейтен тағы бір жақсы жаңалық –Мемлекет басшысының мәдени сала қызметкерлеріне лайықты көңіл бөлуі, руханиятқа деген ерекше қолдауы, бізге артылған үлкен жауапкершілік деп түсінеміз дей отырып, ұлы Абайдың 31-ші қара сөзін жатқа оқыды.