Сырдария аудандық орталық кітапханасында халық айнасы саналатын “Сыр бойы”, “Кызылординские вести” газеттерінің жауапты қызметкерлері қонақта болды


Сырдария аудандық орталық кітапханасында халық айнасы саналатын “Сыр бойы”, “Кызылординские вести” газеттерінің жауапты қызметкерлері қонақта болып, аудан тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесті. Рухани орда саналатын мекемеде өткен бұл кездесуде Кыз. вестидің редакторы Қазыбек Ботаев, “Сыр бойы” газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев және “Сыр бойы” газетінің тілшісі Ғазиза Әбілда қатысып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға пайымды жауаптар қайтарды. Кездесу кешін жүргізуші “Тіршілік тынысы” газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен айтып отырды. Шара барысында сонымен қатар ардагер ұстаз М.Елеусінов, Сырдария аудандық орталық кітапхананың директоры Г.Нұржакиева, “Тіршілік тынысы” газетінің тілшісі Ш.Нүрсеитов өз ойларын ортаға салып, жақсы пікір білдірді.