«Жанарсыз да жарық әлем» атты әдеби-сазды кеш


Сырдария аудандық орталық кітапханада Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханасы ұжымымен бірігіп «Жанарсыз да жарық әлем» атты әдеби-сазды кеш өткізді
Мәдени шараның мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шығармашылығын насихаттау. Өнерлерін шыңдау, дамыту, оқу-жазуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандарды кітап оқуға баулу, қоғамның ажырамас бір бөлігі екендігін сезіндіру.
Мәдени шараны Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Д.Серікбайұлы көкірегі ояу, пейілі кең абзал жандарға өзінің жүрек жарды лебізін білдіріп ашып бергеннен кейін, зағиптарға арналған кітапхана директоры Ерқазы Жарылқасынұлы және Сырдария аудандык Қазақ Соқырлар қоғамы корпоратив қор ұйымының президенті А.Искендиров сөз алып, бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғам барлық жақсы жағдайларды тудырып отырғанын, осының бір көрінісі рухани азық алатын орын кітапханаларда өз есігін айқара ашып, тифлотехникалық құралдармен қызмет көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Мәдена шара барысында І топ көз мүгедектері Ақмарал Нүрлиева мен Әкімжан Өміртай үздік өнерлерін көрсетіп, өздерімен тағдырлас ақындар Ж.Сейілов және С.Кәрімбаев сынды керемет ақындар шығармашылығынан әндер орындап,көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Шараны Сырдария аудандық орталық кітапхана директоры Г.Нұржакиева қорытындылап, кітапхананы оқырман мен кітаптың арасындағы алтын көпір десе сол алтын көпір ешқашан маңыздылығын жоймасын, біз әрқашанда оқырман үшін бар тәлім-тәжірибемізді салып сіздерге адал қызмет етеміз деп толық айта аламын. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге қажымас қайрат тілейміз деп аяқтады.