« Еліне елеулі Елбасы» атты тақырыптық кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың күніне орай « Еліне елеулі Елбасы» атты тақырыптық кешін №35,36 мектеп-лицеиінің 3-4-5 сынып оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 12 адам қатысты.
Мақсаты: Қазақстан халқының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен таныстырып, мағлұмат беру.1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнінің мәнін ашу. Ел үшін жасаған өнеге істерін үлгі ету. Оқушыларды өз Отанының патриоты болуға, елжандылыққа тәрбиелеу.

Мәдени шараны кітапханашы Асанова Гулмира жүргізіп , Жиырма жылдан астан уақыттан бері Қазақстанда өтіп жатқан өмірлік маңызы бар оқиғалардың бәрі де көрнекті мемлекет қайраткері, қазақстандықтардың әлем моындаған жалпыұлттық көсемі Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты. Ол мықты мемлекеттің іргетасын қалады. Сол арқылы өз халқын даңққа бөлеп, әлемдегі миллиондаған адамдардың құрметіне ие болды.Оның жоғары интеллектуалды, данышпан һәм сан салалы дарыны жиырма жылдан астам уақыттан бері саясаткерлер мен публицистерді таң қалдырып, миллиондаған адамдардың әңгімесіне өзек болып келеді деп кіріспе сөзбен ашып, содансоң Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянынан бастап, елімізді басқаруда атқарған ұлан-ғайыр істері жайлы айтып, таныстырып өтті .

Шара басында кітапхананың тұрақты оқырмандары Хайроллаев Мадияр Рафаэль Ниязбектің «Нұр-ағаны жырласан», Бақытқызы Диана Дина Күдерқызының «Халқымның көшбасшысы», Ташкенбаева Айару Гүлсана Тілеубекованың «Астанам-бас қалам». Ер-Ахмет Салимнің «Елбасы»
Айтбайқызы Айсұлу, Алтынбекұлы Дастан Марал Қайыпованың «Астана» т.б қазақ ақындарының шығармаларын айтып шараны қыздыра түсті.

Шара сонында «Ғасырдың ғажап азаматы-Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды. Нәтижесінді 1 жаңа кітапхана оқырман тіркелді.