«Ғұмыры елімен бірге өрілген Елбасы» атты бір тұлға сағаты


Бүгін 1- желтоқсан ерекше мереке күніне орай Сырдария аудандық орталық кітапханаға өз елінің нағыз патриоттары, кітапхананың тұрақты жас оқырмандары жиналып,тағылымды шара «Ғұмыры елімен бірге өрілген Елбасы» атты бір тұлға сағатына қатысып, еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасына деген құрметтерін шын жүректен білдіре отырып, қазақ ақындарының жүрек жарды жырларын жатқа оқыды. Мәдени шараны егіз арулар Ғабитқызы Аяжан мен Аружан «Президентке үш тілек» өлеңімен бастап,Өскінбаева Еңлік «Сізді ғана таңдаймыз», Кеңес Азиза «Елбасына», Бексұлтанова Айнұр «Қолынды әкел келешек», Ерлан Дәулет «Нұрлы көсем», Болатбеков Дамир «Халқымның басын құраған», Жақсыбаев Нариман «Елінің асыл перзенті», Нұрзілдаева Гүлдана «Ата қазақ», Мұратбек Нұрай «Айтар көп сізге алғысым» атты т.б. жыр жолдарымен жалғастырды.Мәдени шараға қатысқан жас өрендерге бөлім меңгерушісі С.Сейтен және №35 мектеп-лицейдің 9 «Б» сынып жетекшісі А.Ахметова осындай керемет мәдени шараға белсене атсалысқандарына зор алғыстарын білдіре отырып, халқына қалаулы, еліне елеулі азамат болуларына тілектестік білдірді.