«Тұғыры биік тұлға»


1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Презиеденті күніне орай Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тұлға» атты тақырыптық кеш 29 желтоқсан күні сағат 16:00 де мәдениет үйінің кіші залында өтті. Еліміздің гинмні орындалып ашылған шараға мектептің оқушыларымен кітапхана оқырмандары барлығы 32 көрермен қатысты Шара барысында жүргізуші ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы мен жастық кезеңі, еңбек жолы мен саяси қызметі жөнінде баяндалған шарада Елбасы туралы арнайы слайд презентация жасалып көрсетілді.
Н.Ә Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру және дамытудағы еңбек жолы, тарихи кезеңдеі мен жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалары мен маңызды жаңа әдебиеттерімен таныстыру мақсатында өткен шарада мәдениет үйінің меңгерушісі Құдабаева Күлаш апай Елбасының еңбектері мен қызмет жолы туралы айтып өтті. Кітапханашы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен еңбектері бағдарламалары бойынша дайындалған сұрақтарға оқушылар нақты жауап беріп, өздерінің «Еліміз тыныш,болсын, балалар әр қашан бақытты болсын, елімізде өркендетер ұлы тұлғалар көп болсын» деген жүрек жарды тілектерін білдіріп өтті.О
Кітапхана оқырманы Жидебай Ұлықбек ақын Сәбит Төлегеновтың «Елімнің асыл перзенті» атты жыр жолдарын оқып берді