«Тарих өткенге сабақ- келешекке өнеге» атты интеллектуалды сайыс өтті


Сырдария аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тарих өткенге сабақ- келешекке өнеге» атты интеллектуалды сайыс өтті . Мәдени шараға №35И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейден «Мәңгілік Ел» тобы мен №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектептен «Яксарт» тобы қатысты.
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген-жүрек тебірентіп,шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу- әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен- ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес. Ұлы Абай, Шәкәрім,Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес. Осы айтылған сөзімізді бүгін сайысқа қатысқан екі топтың жалынды жастары тағы да бір дәлелдеп, биік шыңынан көріне білді.