«Өркенді өңірдің өрісті кезеңі» атты тақырыптық кеш


Сырдария аудандық орталық кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы аясында «Өркенді өңірдің өрісті кезеңі» атты тақырыптық кеш өтті. Шараға ауданымыздың агроколледж студенттері мен ұстаздары қатысып, жолдауда айтылған құндылықтар жайлы әңгіме өрбітіп отырды.Ол ең алдымен ата – бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ұлан-ғайыр жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтыны, ел бірлігі басты құндылық екені жөнінде білімді жастар даярлау жолында жасалып жатқан түрлі қолдаулар мен ертеңгі ел тізгінін ұстар жалынды жастардың салауатты өмір салтын ұстанып,бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылдауы болды. Шара барысында Ғ.Нұрланұлы жолдауда айтылған туризмді дамыту қаншалықты маңызды екенін айта келе, тарихы бай Алтын орданың 750 жылдығына тоқталды, ал Г.Исмайылова өз студенттерінің ертеңгі күні алып жатқан білімдерін жетілдіре отырып, үлкен кәсіпкерлікпен айналысуларына жол ашық екенін жеткізді. Осы орайда жүргізуші С.Сейтен келер 2020 жылы аталып өтілетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғалар жөнінде айтып, кітапханашылар М.Әлиева мен Г.Әбеновалар ұлы Абайдың қара сөздері мен әл-Фарабидің өнегелі нақыл сөздерін жатқа оқыды.