«Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан»атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі Мәңгілік елдің жалынды жастары арасында кеңінен таныстырылды


16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі Мәңгілік елдің жалынды жастары арасында кеңінен таныстырылып, насихатталды. Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды
Көрменің басты мақсаты: Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау,осы жолда тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегін де көпшілік қауымға таныту болды