«Абай біртуар, ғаламдық тұлға» атты Абай оқулары


Сырдария аудандық орталық кітапхана өздерінің алғашқы мәдени шарасын ұлы Абайдың 175 жылдығына арнады. «Абай біртуар, ғаламдық тұлға» атты Абай оқуларына аудан орталығындағы №35,36,210 мектептердің жалынды жастары қатысты. Мәдени шарада ұлы ақынның өлеңдерін көкейлеріне түйіп, жүректеріне ұялатқан ерікті жастар, ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстанған ақын өлеңдерін бірінен кейін бірі іліп әкетіп,жатқа оқыды.
Осы орайда жүргізуші С.Сейтен Абай шығармашылығының арнасы кең, мол рухани қазына екеніне тоқтала келе, бүгінгі шарада «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарымен Абайдың табиғат лирикасы көптеп оқылды, алдағы уақытта басқа еңбектері де кезең-кезеңімен оқырман қауым арасында насихаттала береді деп атап өтті.
Шараға шәкірттерімен бірге атсалысып отырған №210 мектептің ұстазы Фарида Бектібайқызы әрбір исі қазақтың баласы ең кемінде Абайдың бір өлеңімен, бір қара сөзін жатқа білуі керек деп ойлаймын деп өз пікірін білдіре отырып,алдағы уақытта осы мақсатқа бірге жетейік деген жылы лебізін жеткізді.