«Білім мен мәдениет адамзат әлемінің айнасы» атты тақырыптық кеш


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы аясында өткен «Білім мен мәдениет адамзат әлемінің айнасы» атты тақырыптық кешке келген Мәңгілік Елдің жалынды жастары белсенділік танытып, жолдауда айтылған маңызды мерей той иелеріне арналған кітап көрмелерімен де танысып шықты.Осы орайда мәдени шараның заңды жалғасы ретінде кітапхана қызметкерлері Шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің өнегелі өмір жолымен,оның ғибратты нақыл сөздерін таныстырып өтті.Шараға қатысқан жастар атынан сөйлеген агроколледж студенті Берік Құдайберген сегіз қырлы, бір сырлы ғұламаның данышпандығы үлгі боларлық тағылым екенін жеткізе отырып, алдағы уақытта да осындай шараларға атсалысатынын айтты.