«Білім мен мәдениет адамзат әлемінің айнасы» атты тақырыптық кеш


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінін ұйымдастыруымен «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы аясында «Білім мен мәдениет адамзат әлемінің айнасы» атты тақырыптық кеш өтті. Бұл мәдени шараға №35 мектеп-лицейдің ұстаздары Әсел Көшербаева мен Айдана Сағындықовалар қатысып, биылғы жаңа жыл білім саласының мамандары үшін ерекше қуанышпен басталғанын айтты.Өйткені «Педагог мәртебесі туралы» заң қолданысқа енгізілді. Енді мұғалім мәртебесі артып, талап та күшейетінін жеткізді.Ия,расында ел дауын шешкен шешен де, Отанын қорғаған батырда, жалпы барлық тарихи тұлғалар мен қарапайым халқымызда ұстаз тәрбиесін көріп, оған құрмет көрсетуден таймаған.Олай болса сол салтымыз бен ,қазақи қалпымыздың қаймағы бұзылмасын. Осы орайда сөз қозғаған кітапхана саласын көп жылдардан бері басқарып келе жатқан Г.Нұржакиева елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатқанын да атап өтті.Мәдениетке үлкен серпін берген биылғы жыл көлемінде алда атқарылар шараларға да тоқталып өтті. Сонымен қатар шараға қатысушы жастарға өз лебізін білдіре отырып,алдағы уақытта да осындай белсенділік көрсетуге шақырды.