«Тарихты білу ұрпақ парызы» атты тарихи-таным кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға арналған тұңғыш Жолдауында айтылған Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын насихаттау мақсатында «Тарихты білу ұрпақ парызы» атты тарихи-таным кеші №35, №210, №36 мектептің оқушылары, Агро-техникалық колледжінің тарих және құқық пәнінінің оқутышысы Нұрланов Ғани Нұрланұлының қатысуымен өткізіліп барлығы 16 адам қатысты.

Мақсаты: Алтын Орданының құрылуы. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екенің түсіндіру. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, Отанын сүюге, тарихи ескерткіштерді қадірлеп, батылдыққа, ерлікке, ұлтжандылыққа баулу.

Мәдени шараны кітапханашы Асанова Гулмира жүргізіп Президент Қасым -Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн» деді. Мемлекет басшысы елге туристерді тарту, экономикалық тұрғыдан өте орынды екенін айтты. Оның екінші жағы бар Алтын Орданың маңызын айшықтау, төл тарихтың жаңа беттерін ашып, мемлекеттіліктің бастауын айқындайды деп кіріспе сөзбен ашты.
Содан соң сөз кезегін Агро-техникалық колледжінің тарих және құқық пәнінінің оқутышысы Нұрланов Ғани Нұрланұлы алып Алтын Орда тарихы жайлы оқушыларға түсінік бере отырып Жошының қазақ жерінде жерленуі этнотуризмді дамытуға оң ықпал ете алады, мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау -2019» Халықаралық туризм форумында баса айтқан болатын, казір аталмыш бағытта қарқынды жұмыс жүргізілуде деді. Шара барысында оқушылар тарихтан оның ішінде «Алтын Орда» жайлы көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Сонымен қатар Саматов Бекзат Шаймерден Әлдибекұлының «Қазақ елі» атты өлеңін жатқа оқып шараны қыздыра түсті. Шара соңында «Алтын Орда тұғырым» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды. Нәтижесінде кітапханаға 1 жаңа оқырман тіркеліп, 2 кітап оқуға алынды.