«Абай – дана, Абай- дара қазақта» атты кітап көрмесі


Сырдария аудандық орталық кітапханада мекеме басшысы Г.Нұржакиева қазақтың бас ақыны, қазақ көркем ойы мен өлеңінің реформаторы, жаңа замандағы жазба әдебиеттің жол ашушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жасалған «Абай – дана, Абай- дара қазақта» атты кітап көрмесін мекеме қызметкерлері мен өз оқырмандары арасында насихаттап, Абайдың өнегелі өмір жолымен, құлақтан кіріп,бойды алған тамаша лирикасымен, ғибратқа толы қара сөздерімен, орыс әдебиетіндегі орны жайлы, қазақ зиялыларының Абай туралы жазған жүрек жарды лебіздерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар Ұлы ақынның еңбектері жыл бойына кезең-кезеңімен халық назарына ұсынылып, түрлі мәдени шаралар арқылы кеңінен насихатталатына сенім білдірді.