«Жұлдызды сәт» жобасы аясында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты қолөнер шеберлерімен кездесу кеші


Сырдария аудандық орталық кітапханада «Жұлдызды сәт» жобасы аясында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты қолөнер шеберлерімен кездесу кеші өтті. 2019 жылы – Жастар жылына орай пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің жанынан құрылған «Жұлдызды сәт» жобасының мақсаты: Жастардың шығармашылық әлеуетін жоба арқылы дамыту, ерекшеліктерді анықтау және таланттарды ашу. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың түрлі маман иегерлерімен кездесуіне мүмкіндік жасап, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру.
Осыған орай Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын басты бағытта ұстанып өткен «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты кездесу кешінің құрметті қонақтары ҚР. Суретшілер Одағының мүшесі Маханбет Жәнібек,он саусағынан өнер тамған Қожақова Алтын және Ажар Нұрсұлу болып, ұлттық қолөнердің сыр-қырымен бөлісті. Шара барысында мәдениет үйінің өнерпаз жастары әдемі әндерімен кеш шырайын аша түссе, А.Қожақованың шәкірттері қазақы үлгідегі тігілген, қол жетімді киімдерін көрермен назарына ұсынып, ыстық ықыластарына бөленді.