«Қазақ даласы – Алтын Орданың бесігі»


Сырдария аудандық орталық кітапхана өз жұмыстарын ел тарихындағы елеулі оқиғаларға толы 2020 жылда, маңызды жәйттарға арналған Қазақ мемлекеттілігінің бастауы саналатын Алтын Орданың 750 жылдығына, Түркі дүниесі ақыл-ойының шамшырағы әл-Фарабидің 1150 жылдығына, қазақтың бас ақыны, ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмелерімен аудан тұрғындарын таныстырудан бастаған болатын.Осындай кезекті таныстырылым бүгін «Қазақ даласы – Алтын Орданың бесігі» атты кітап көрмесіне арналып, тарих қойнауынан сыр тартқан, аса көрнекті жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» атты кітабына шолу жасап,ұстаздар мен жастар назарына ұсынды.