«Жемқорлық індет – жою міндет» атты ой – талқы сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханада « Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында өтті. Мәдени шараны жүргізген кітапханашы М.Әлиева Тәуелсіз еліміздің әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуіне ықпал ететін факторлардың бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мейлінше болдырмау екенін айтып өтті. Бұл тек заң қызметкерлері ғана емес, бүкіл қоғам болып күресетін жағдай, оның ішіне Отанымыздың өскелең жас патриоттары да кіретіні анық деп тоқталды. Осыған орай кеш қонақтары Нұр Отан партиясының Сырдария аудандық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық күресінің төрағасы Ш.Нұрсейітов, Сырдария аудандық сотының бас маманы – аға сот жасауылы Ж.Сырғабаева түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,сыбайлас жемқорлықсыз – гүлденген ел болуға шақырды.