«Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мықты – Мәңгілік Ел»


Сырдария аудандық орталық кітапхана Мәңгілік елдің ертеңгі ел тізгінін ұстар білікті жастар арасында «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мықты – Мәңгілік Ел» атты ақпарат сағатын өткізді. Ақпарат сағатын «Қазақстан кемел келешекті – Мәңгілік Ел» атты кітап көрмесімен байланыстыра отырып жүргізген Г.Әбенова Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін қадам екенін , сонымен қатар «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатқанына тоқталды.Ажал құрығынан қашқан Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатса,осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған екен. Ал биыл тарихи оқиғаларға толы 2020 жылда Тоныкөк ескерткішіне -1300 жыл, осыған орай алдағы уақытта Тоныкөк бабамыз жайлы кеңірек айтылады деп атап өтті. Ақпарат сағаты барысында рухы биік еліміздің айбарлы Ата Заңы, ел бірлігінің тұғыры Ассамблеяның 25 жылдығы, ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңістің 75 жылдығы жайлы да тарқатылып айтылды.