«Болмыс бітімі бөлек ақын» атты бір ақын сағаты


Сырдария аудандық балалар  кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Сырдария ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері Қайырбек Асановтың 75 жасқа толуына орай «Болмыс бітімі бөлек ақын» атты бір ақын сағаты  № 210  О.Абдулпаттаев атындағы  мектептің 5 сынып оқушыларымен  өткізілді.

Мәдени шараны Асанова Гүлмира ақынның өмірбаянымен  шығармашылығын таныстырды.Мәдени шара өту барысында мектеп оқушылары  ақынның өлендерін  жатқа оқыды. Айтып өтсем Қайырбекова Торғын  «Сырдария», Перментай  Балжан  «Оқырманға», Темірбекова Нұрай  «Туған жер туралы толғау», Талғатқызы Ханшайым  «Әйел» атты өлеңдерін жатқа оқыды.

Мақсаты:Ақынның өмір жолын және шығармаларын оқырман қауымға насихаттау.Ақынның шығармалары  арқылы балаларды Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа, халқын қастерлеуге,патриоттыққа тәр биелеп,поэзия атты құдірет кұшке қызушылығын арттыру.

Шара соңында «Сырдын сырбаз ақыны» атты  кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.