«Ақын өмір жаршысы» атты ашық микрафон сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханада Ұлы Жеңістің төл құрдасы, арқалы ақын, жерлесіміз Қайырбек Асановтың шығармашылығына арналған «Ақын өмір жаршысы» атты ашық микрафон сағаты өтті. Биыл жетпіс бестің жиреніне мінген талантты ақын өмір өрнектерін өлеңдеріне өріп, кең өріс жайды. Мылтықсыз майданға араласып, руханият дүниесі үшін күрестің алғы сапынан көрініп жүр. Мәдени шара барысында ақынның «Туған жер – ыстық мекенім» , «Ауылым –алтын бесігім», «Жырменен жаным жаңғырып», «Ақындық және сағыныш», «Арман –жырым», «Сезім-қуат» атты тағы да басқа көптеген өлеңдерін жастар шабыттана оқып, ашық микрафон алаңын керемет көңіл-күйге бөледі.Шара соңында «Жапырақ жайсын жыр бағым» атты кітап көрмесі таныстырылып, оқырман назарына ұсынылды