«Алтын Орда хандары және Ислам» атты тарихы сағат өткізілді.


Сырдария аудандық орталық кітапханада агроколледж студенттері арасында «Алтын Орда хандары және Ислам» атты тарихы сағат өткізілді. Тарихи сағатты кітапханашы С.Сейтен «Қазақ даласы – Алтын орда бесігі» атты кең көлемді кітап көрмесімен байланыстыра отырып жүргізді. Онда Алтын Орданың құрылуы, оның қоғамдық құрылымы, гүлденуі мен мәдени жағдайы айтылды. Осы орайда әсіресе мұсылмандардың адал діні Ислам дініне деген Бату ханның оң көзқарасы, исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған Өзбек хан мен осы дінді қабылдаған Берке хандар жайлы тарқатылып айтылды. Сонымен қатар тарихи деректерге сүйене отырып, осы кезеңдерде әділетті Ислам дінінің арқасында жеткен жетістіктерге тоқталып өтті.