«Ауған соғысының қасіреті ешқашан ұмытылмайды» атты кездесу кеші


Сырдария аудандық балалар кітапханасында Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске ала отырып, ерліктерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ауған соғысының қасіреті ешқашан ұмытылмайды» атты кездесу кешін ұйымдастырып өткізді. Мәдени шараға Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесінің төрағасы Нарымбетов Жұмаділда мен Байтұрғанов Ғалымжан ағайларымыз, №36 мектеп-лицейінің 3ә сынып ұстазы Әлайдарова Ләззат апай оқушыларымен, №35 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Төребек Асанәлі, ата-аналар және кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
Мәдени шараны кітапханашы Оразымбетова Жанар жүргізіп Ауған соғысы тарихқа енді. 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпан аралығында тұтастай алғанда, КСРО-ның 620 мын азаматы Ауғанстан Республикасының территориясында әскери қызметтен өтті деп кіріспе сөзбен ашты. Содан сон келген қонақтарды Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесінің төрағасы Нарымбетов Жұмаділда мен Байтұрғанов Ғалымжан ағай мен таныстырып, Ауғаннан оралмаған Отандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық деп шараны жалғастырды.
Шара барысында балалар кітапханасының оқырманы, Астана қаласында өткізілген халықаралық ән-би байқауының жеңімпазы Төребеков Асанәлі «Ассалаумағалейкум» және «Қазақ елі» атты өлеңдерін айтса, Құрманғазиева Несібелі қазақ биі «Қамажайды» билеп шараны қыздыра түсті. Сондай-ақ өскелең ұрпақ келген қонақтарға дайындап келген сұрақтарын қойып, қазақ ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа айтты. Содан соң сөз кезегі ұстаз Әлайдарова Ләззат апайға беріліп, осы шараны ұйымдастырып отырған ұжымға рахметін айтты.

Шара сонында «Ауғанстан-жүректегі жара» атты қітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Нәтижесінде кітапханаға екі жаңа оқырман тіркелді.