«Мың алғыс саған белсенді оқырман!»


«Мың алғыс саған белсенді оқырман!». Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері 1 Наурыз – «Алғыс айту» күніне орай өз оқырмандарына алғыс білдірді. Бүгінгі күні бұл марапатқа Кітапханамен тығыз байланыста болып, мәдени шаралардың өз дәрежесінде өтуіне бірнеше рет белсенділік танытқан №35 мектеп – лицейінің 9 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ахметова Айнұр Кеңесбайқызы ие болды. Шара барысында Мәңгілік Елдің жалынды жастары ұлы Отанға, туған жерге, ата-анаға, дос-бауырға, дархан елге, ұстаздарға, кітапханашы апайларына деген жүрек жарды алғыстарын әуезді әнмен де қара сөзбен де жеткізді. Ал мекеме басшысы Г.Сансызбайқызы еркін елдің ерікті жастарына зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілей отырып, Алғыс хатпен марапаттады.