Сырдария аудандық орталық кітапханада «Латын әліпбиі – өркениет кілті» атты тақырыптық кеші


Сырдария аудандық орталық кітапханада «Латын әліпбиі – өркениет кілті» атты тақырыптық кеш Мәңгілік Елдің ертеңгі жанашырлары – өскелең жастар арасында өткізіліп, барлығы 14 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Н.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы тұжырымдамасына сәйкес латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызын түсіндіру. Мәдени шараны жүргізген кітапханашы Г.Әбенова өзінің кіріспе сөзінде латын әліпбиіне көшу-ұлтымыздың санасын түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралу, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол табатыны жөнінде кеңінен айтып өтті. Осы орайда соңымен қатар ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деген сөзі алға тартылып, ақынның «Оқуға шақыру» атты өлеңін №35 мектептің 9 сынып оқушы Саматов Дидар нақышына келтіре жатқа оқыды. Мәдени шара барысында «Латын әліпбиі – бірегейлік пен жаңғыру негізі» атты кітап көрмесі таныстырылды. Осы орайда көрмеге қойылған Ә.Жүнісбектің «Төл әліпби- төл жазу мәселелері» және Ә.Қайдардың «Тіл-ғұмыр» атты кітаптарынан тұщымды ой-пікірлер оқылып, жастарға түсіндірілді.