«Еңбек пен ерлік жолы ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі


Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Н. Ілиясов ауылдық мәдениет үйінде Кеңес Одағының Батыры Н. Ілиясовтың туғанына 100 жыл толуына орай, батырдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік жолдары, бейбіт өмірдегі өнегелі өмірі мен кейінгі ұрпаққа мұра қылып қалдырған кітаптарын кең көлемде таныстыру мақсатында «Еңбек пен ерлік жолы ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,«Сыр елінің ардақ тұтар батыры», «Ұлы жеңіске жеткен жауынгер», «Ерен еңбек, еңселі тұлға», «Өлке тарихындағы тұғырлы тұлға» бөлімдері бойынша насихатталды