«Абай мұрасы – мәңгілік мұра» атты әдеби музыкалық кеші


Аудандық орталық кітапханада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дегендей Абай атамыздың өлеңдерін, шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай мұрасы – мәңгілік мұра» атты әдеби музыкалық кеш болып өтті. Кеш өткізілетін орында «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты 6 – бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды және арнайы жыл бойында жүйе бойынша өткізілген шаралардың бейне түсірілімдері слайд түрінде көрсетілді.