«30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шара Беркінбаев Бауыржанның үйінде


Қиналғанда мұқтаж, әлеуметтік әлсіз жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасау әр адамның парызы. Игі іспен айналасу, мұқтаж жандарға жақсылық жасап, қамқорлық көрсету. «30 игі іс» қайырымдылық акциясы Сырдария аудандық кітапханасында да жалғасын табуда . Кітапхана қызметкерлері қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж, көмекке зәру жандарға шын жүрекпен, ең бастысы таза ниетпен көмектерін көрсетіп, игі істерімен атсалысуда. Осы ретте, О.Мәлібаев көшесі №13 үйдің тұрғыны, 4 баланың әкесі, жұмыссыз, жолдасы қайтыс болған, әлеуметтік көмекке мұқтаж жан 1982 жылы туылған Беркінбаев Бауыржанға азық-түлік апарып, алғысын алды.