«30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шара Аймырзаева Мейрамкүлдің үйінде


Ізгілікті жанына серік еткен ел тұрғындарының ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Қайырымдылық жасасан, қайырымын өзін көресін» деген екен дана халқымыз. Адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, жәрдемін ұсынып, сауабы мол «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында жүргендердін қатарында Сырдария аудандық кітапханасының қызметкерлері де бар. «30 игі іс» жалғасын табуда. Кітапхана қызметкерлері қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж, көмекке зәру жандарға шын жүрекпен, ең бастысы таза ниетпен көмектерін көрсетіп, игі істерімен атсалысуда. Осы ретте, О.Мәлібаев ауылының тұрғыны, жесір, науқас, жұмыссыз 1970 жылы туылған Аймырзаева Мейрамкүлге азық-түлік апарып, алғысын алды.