«30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шара Арықбаев Нұрланның үйінде


Қайырымдылық-ізгіліктің көрінісі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын Асар дәстүрі бар. Игі іспен айналасу, мұқтаж жандарға жақсылық жасау. «30 игі іс» қайырымдылық акциясы Сырдария аудандық кітапханасында да жалғасын табуда. Кітапхана қызметкерлері қайырымдылық акциясы аясында мұқтаж, көмекке зәру жандарға шын жүрекпен, ең бастысы таза ниетпен көмектерін көрсетіп, игі істерімен атсалысуда. Осы ретте, Тереңөзек кенті, Мұратбаев көшесі №24 үйдің тұрғыны, әйелі қайтыс болған, 3 баланы жалғыз өзі бағып отқан әке Арықбаев Нұрланға қол көмек беріп, үйін әктеп, жинап берді.